"Қазгидромет" синоптиктері 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Метеорологтардың мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны ықпал етіп, қар жауып, боран соғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"19 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және оған байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Қар жауып, боран соғады, ал елдің батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі", – деп жазылған "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.
Атап айтқанда:
- Астанада көшпелі бұлт, қар, жел 15-20 м/с., ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -5…-7°C.
- Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде температура -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.
- Шымкентте көшпелі бұлт, қар, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.
- Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы +1…+ 3°C, күндіз + 3…+5°C.
- Ақтөбеде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -3…-5°C, күндіз -1…-3°C.
- Атырауда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, түнде жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -2…-4°C, күндіз 0…+2°C.
- Жезқазғанда көшпелі бұлт, қар, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -12…-14°C, күндіз -7…-9°C.
- Қарағандыда көшпелі бұлт, қар, жел 7-12 м/с., ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -8…-10°C.
- Көкшетауда көшпелі бұлт, қар, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -11…-13°C, күндіз -4…-6°C.
- Қонаевта көшпелі бұлт, қар, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -5…-7°C, күндіз -1…-3°C.
- Қостанайда бұлтты, қар, жел 15-20 м/с., …-12°C, күндіз -2…-4°C.
- Қызылордада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -2…-4°C.
- Павлодарда бұлтты, қар, жел 9-14 м/с., ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -6…-10°C.
- Петропавлда бұлтты, қар, жел 15-20 м/с., ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -5…-7°C.
- Семейде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -7…-9°C.
- Талдықорғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде ауа температурасы -12…-14°C, күндіз -1…-3°C.
- Таразда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 0…-2°C.
- Түркістанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -1…-3°C.
- Оралда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 9-14 м/с., түнде және күндіз ауа температурасы -1…-3°C.
- Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -20…-22°C, күндіз -10…-12°C.