2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында спорт, демалыс және ойын-сауық қызметтерінің көлемі 192,8 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,4% артты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, спорт саласындағы өзге де қызмет түрлері бойынша қызмет көрсету көлемі 32,5 млрд теңгені, фитнес-клубтар қызметі 16,9 млрд теңгені, спорт клубтары 11,9 млрд теңгені, спорт ғимараттарын пайдалану 9,9 млрд теңгені, ойын-сауық саябақтары 7,2 млрд теңгені құрады. Бірақ осы саладағы қызметтердің негізгі үлесі — 58,9% (113,1 млрд теңге) демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру бойынша қызметтің басқа түрлеріне тиесілі.
Өңірлер бөлінісінде қызметтердің ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі — 83,3 млрд теңге. Үздік үштікке Астана (26,2 млрд теңге) және Алматы облысы (10,9 млрд теңге) кірді.