2025 жылғы 17 желтоқсанда Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін автокөлік көпірі опырылып құлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиғаға қатысты бейнежазбалар әлеуметтік желілерде жаппай таралып жатыр.
Келес ауданының әкімдігі көпір құлардан бұрын қозғалысты жапқанын хабарлады. Алайда нақты қауіп бар кезде неге дер кезінде күрделі жөндеу жүргізілмегені белгісіз.
Қазір аталған учаскеде көлік қозғалысы толық тоқтатылып, айналма жол ұсынылды.
Жергілікті билік 10–15 шақырымдық уақытша бағытты пайдалануды ұсынып отыр.