Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті әскери кафедрасының қызметінде еңбек заңнамасының талабына қайшылықтар кездесті.


Оны Орал гарнизонының әскери прокуратурасы тексерістен соң тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеруден соң оқытушылардың жалақы мөлшері еңбек заңнамасының талаптарына қайшы белгіленгені еңбек ақы төлеудің теңсіздігіне әкеп соққаны анықталып отыр.

– Қадағалау актісі негізінде еңбек ақы жүйесі заңнамаға және қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес келтірілді.

Оқытушылардың жалақысы орта есеппен 150-200 мың теңгеге көбейтілді, – делінген Бас әскери прокуратураның ресми сайтында.

Қабылданған шаралар оқытушылардың Конституциямен кепілдік берілген еңбек құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.