"ҚазТрансОйл" Еуропадағы алғашқы өкілдігін ашты.
Бұл қазақстандық мұнайды Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Филиалдың ашылуы мұнай тасымалдаудың баламалы халықаралық бағыттарын дамытуға және Қазақстанның жаһандық энергетикалық нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.
10 желтоқсанда "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесі компанияның Польша Республикасында филиалын ашу туралы шешім қабылдады. Бұл "ҚазТрансОйлдың" Еуропалық Одақ аумағындағы алғашқы өкілдігі болып саналады.
Компанияның мәліметінше, жаңа филиал Польша аумағындағы мүдделерді қорғауға, сондай-ақ Беларусь арқылы өтетін транзитті қоса алғанда, өзге елдердің магистральдық құбыр жүйелерімен отандық мұнайды тасымалдауды ұйымдастыруға қатысады.
Сонымен қатар "Адамова Застава" мұнай қабылдау пунктінде қазақстандық мұнайды қабылдау және тапсыру кезінде есеп айырысу операциялары жүргізіледі.