Оның аясында өңірде жүзеге асқан IT және стартап жобалар таныстырылды. Форумға аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысын көрді.

Аймақта ІТ саланың даму қарқыны жоғары. Тұтас инфрақұрылым қалыптасты. Бұған «Mangystau Hub» технопаркі мысал.

Нұрдәулет Қилыбай, облыс әкімі:

- ІТ мен жасанды интеллект дамымаса, мемлекет ешқашан алдыңғы қатарға бармайды. Ол түсінікті жағдай. Облысымызда алғаш рет спорт интернат ашайық деп жатырмыз. Тура сондай неге ІТ, жасанды интеллект мектебін салмасқа деген ой мазалап тұр қазір. Маңғыстауда болатын осындай мектептің концепциясын қазір жасап жатырған топ бар.

ІТ форумда «Цифрлық трансформация», «Киберқауіпсіздік» тақырыбында панельдік сессиялар ұйымдастырылды. «Startup Battle» байқауында 11 команда жобаларын таныстырды. Бұл сайыс жергілікті стартап бастамаларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар жас инженерлер «Robo League» турнирінде бақ сынасты.

Құдайберген Әлмағамбетов, Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:

- Бүгінгі форумның негізгі мақсаты біздің стартаптарды халықпен, бизнес өкілдерімен таныстыру. Әрі қарай дамыту. Халықаралық аренаға шығып, елімізді дамытуға үлкен үлес қосады деген ниеттеміз. Әртүрлі жарыстарға 38 команда қатысып жатыр.

Екі байқаудың жалпы жүлде қоры 3,5 млн теңге болды. Аймақ әкімдігі алдағы уақытта әр жүлдегердің инновациялық бастамасын іске асыруға қолдау көрсетеді.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев