Бұл туралы Forbes журналы хабарлады.
Илон Маск байлығы 600 миллиард доллардан асқан тарихтағы алғашқы адам атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналдың жазуынша, желтоқсан айының басында SpaceX ғарыш компаниясы акцияларды сатып алуға арналған жария ұсыныс жасаған. Осы ұсыныс аясында компания 800 миллиард долларға бағаланды. Тамыз айында инвесторлар SpaceX-тің құнын 400 миллиард доллар деп көрсеткен болатын.
"Маск SpaceX компаниясының шамамен 42%-ына иелік етеді. Бұл Масктың байлығын 168 миллиард долларға арттырып, дүйсенбі күні 677 миллиард долларға жеткізді. Бұған дейін ешкімнің байлығы 500 миллиард долларға жетпеген", – деп жазады Forbes.
Масктың SpaceX компаниясындағы үлесі 336 миллиард долларға бағаланып отыр. Ал Tesla компаниясындағы үлесі – 197 миллиард доллар.