Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты түнгі сағат 03:00-ден бастап үш облыстағы автожолдарда көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылғы 15 желтоқсанда, сағат 03:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда барлық көлік түрлеріне шектеу қойылады:

Жамбыл облысы: "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 2005-2152-шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейінн);

Қарағанды облысы: "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 592-750-шақырым аралығында (Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін);

"Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217-шақырым аралығында (Қарағанды қаласы-Қарқаралы ауылы). Жолды бүгін, сағат 11:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы: "Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы" автожолының 0-263-шақырымы аралығында (Атамекен ауылы – РФ шекрасы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

"Қытай шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы (Үрлітөбе ө/п) 191-390-шақырымы (Ресей шекарасынан Мичурин ауылына дейін);

"Қытай шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы (Үрлітөбе ө/п) 427-587-шақырым (Кенжекөл ауылынан Абай облысы шекарасына дейін);

"Павлодар – Шарбақты – Ресей шекарасы (Шарбақты ө/п)" 0–112-шақырым (Павлодар қаласынан Ресей шекарасына дейін);

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы" 0-152-шақырым (Павлодар қаласынан Ресей шекарасына дейін);

"Ертіс өзені көпірі арқылы Павлодар қаласының батыс айналма жолы" 0-15-шақырым (Кенжеколь кентінен Ақсу қаласына дейін);

"Атамекен–Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов" 0-220-шақырым (Атамекен кентінен Абай облысы шекарасына дейін). Жолды сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Абай облысы:

"ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы" автожолының 587-733-шақырымы аралығындағы (Павлодар облысың шекарасынан Семей қаласына дейін).

Ақмола облысы: (жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді)

"Астана – Көкшетау – Петропавл" автожолының 18-232-шақырымы аралығы (Астана қ.– Щучинск қ.).