Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14% артық.


Демалушылардың 16,5% – шетелдік қонақтар. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық аймақтары 3,8 млн келушіні қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

  1. 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ең танымал курорт аймағы – 2,2 млн адам барған Алматы тау кластері.
  2. Екінші орында – Щучье-Бурабай курорт аймағы — 373,1 мың келуші.
  3. Үшінші орында 308,8 мың адам демалған Маңғыстау курорт аймағы.

Сондай-ақ, бестікке тағы екі танымал аймақ енді – Балқаш туристік аймағы (169,2 мың адам) және Жетісу облысының Алакөл курорт аймағы (147,1 мың адам).

2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте курорт аймақтарындағы орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 154,7 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, Қазақстанның курорттық аймақтарында қонақтарды қабылдайтын 1876 орын бар.