Қазір әуежайдың негізгі ғимараты мен қосалқы нысандарының шатыры жөнделіп, терезелер орнатылып, кәріз жүйесі және су құбырының негізгі желісі жаңартылды.
Сондай-ақ кәріз-сорғы стансасы, трансформаторлық қосалқы станса, желдету және жылыту жүйелері орнатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Арнаулы мемлекеттік қордан 945 млн теңге бөлінді. Әуежай қызметін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте қажетті арнайы аэродром техникасын сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінге дейін аэродромдық өрт сөндіру көлігі, жылжымалы трап, шағын автобус және аэродромға арналған жанармай құю көлігі сатып алынған.
Президент жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде авиациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды. Ол Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбеде және басқа да ірі қалалардағы жетекші әуежайларды мультимодальды хабтарға айналдыру үшін ауқымды жаңғырту жұмыстарын қамтиды.