Өңірде биыл 11 айда тұрақты тұруға рұқсаты бар 1280 және уақытша тұруға рұқсаты бар 9136 шетелдік тіркелген.


Виза алу немесе уақытша әрі тұрақты тұруға рұқсат беру кезінде жауапты қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің болу заңдылығын тексерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге қатысты түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 2001 әкімшілік материал толтырылды. Миграция заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен 183 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды.

Сонымен қатар биыл полицейлер 180 алимент төлемеген борышкерді анықтады. Облыс тұрғындарының 121 758-і жеке куәлік пен паспорттарымен рәсімделді.

Жыл басынан бері шетелдіктерге 1293 виза берілген. Павлодар облысының полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының миграциялық заңнамасын сақтауға шақырады.