Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды. Ол 2-2,5 жас аралығындағы 16 баланы азаптағаны үшін кінәлі деп танылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айыптау тарапы айыпталушы балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтаған.

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, күдікті оларды ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, дене жарақатын келтірген.

Сот оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, алайда жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, ол 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget