10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай және Павлодар облысында бірінші ауысымдағы кейбір сыныптар сабақты қашықтан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 желтоқсан күні төменгі сыныптар қашықтан оқу форматына ауыстырылды:
-
Арқалық қаласының 1–9 сыныптары;
-
Жітіқара, Қарасу, Наурызым, Денисов аудандарының 1–4 сыныптары;
-
Меңдіқара ауданының 1–9 сыныптары
-
11 сыныптар бойынша: Каменскураль және Соснов жалпы білім беру мектебінің 11 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды.
Сонымен қатар Павлодар облысында да 1–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшті.
Айта кетейік, бүгін еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде қатты аяз сақталады.