Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.
Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан телерадио хабар тарату мұнарасына сәулеттік жарықтандыру орнатылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңартылған жарық мұнараның айрықша сәулетін айқындап, Алматының кешкі жарық композициясының маңызды нүктелерінің біріне айналады.
Жоба аясында мыналар қарастырылған:
- заманауи жарық түсіргіш құрылғылар орнату;
- жаңа кабель желілерін жүргізу;
- жарықты басқару жүйесін енгізу.
Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Жаңаша кейіпке енген телемұнара шаһардың жарық эстетикасын айшықтайтын маңызды элемент болмақ.