Әлемде 65 миллионға жуық адам жұмыс істемейді. Олардың көбі еңбекке қабілетті жастар. Жасанды интеллектінің дамуы қарапайым мамандықтарды алмастырып, жас мамандар үшін бәсекені күшейтті. 2030 жылға дейін 170 миллион жаңа жұмыс орны ашылады. Бірақ 92 миллионы жойылады. Бұл туралы Бүкіләлемдік экономикалық форумда айтылды. Бүгінде АҚШ-та жастар арасында жұмыссыздық көрсеткіші 11, Үндістанда 17, Мароккода 37 пайызға жеткен.