Жобаның алаңы ретінде Жизақ облысындағы Тұзқан көлінің маңы таңдалған.
23 желтоқсан күні Өзбекстандағы Жизақ облысының Фариш ауданы аумағында атом электр станциясын салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді. Бұл туралы "Өзатом" Атом энергетикасы агенттігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жоба бойынша екі ірі ВВЭР-1000 реакторынан және екі кіші РИТМ-200Н реакторынан тұратын аралас АЭС салу көзделіп отыр. Станцияның жалпы қуаты 2110 МВт болады. Толық іске қосылғаннан кейін жылдық электр энергия өндіру сағатына 16-17 млрд кВт-қа жетуі тиіс. Осылайша бұл елдің энергия балансын 12-15%-ға қамтиды. Станцияның жобалық пайдалану мерзімі 60 жыл деп белгіленген.
АЭС құрылысының кезеңінде шамамен 13 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр. Ал станцияны толық пайдалануға бергенде 2000 жұмыс орны ашылмақ.
Өзбекстандағы АЭС-ті "Росатом" корпорациясы салады. Жобаның алаңы ретінде Жизақ облысындағы Тұзқан көлінің маңы таңдалған.