Мұны Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметі ресми парақшасында жазған.

Ескерту бейнеролигінде Үлкен Алматы көлі жолында кейбір туристердің жолды қысқарту мақсатында құбыр үстімен жүретіні айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Назар аударыңыз! Бұл – қауіпті.

Үлкен Алматы көлі жолында кейбір туристер жолды қысқартпақ болып, құбырдың үстімен жүреді. Алайда, бұл – әсіресе қыс мезгілінде, өте қауіпті іс-әрекет.

Құбыр адамдардың жүруіне арналмаған. Беті тайғанақ, еңіс және кей жерлері зақымданған. Жанында қауіпсіз өтуге арналған баспалдақ пен туристік соқпақ бар, – делінген хабарламада.

Бейнежазбада саяхатшылардың құбырдан өтіп бара жатқан сәті және төтеншеліктердің оларға ескерту жасап жатқаны анық көрініс тапқан.

– Қалалық құтқару қызметінің мамандары бұл учаскені күнделікті бақылауда ұстайды.

Қысқы кезеңде тәулігіне 2-3 рет осындай құқықбұзушылықтар тіркеледі, ескертулерге қарамастан адамдар құбырға шығып жатады.

Құтқару қызметі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, – деп қатаң ескертті ТЖД құтқару қызметі.