Абай облысының полиция департаменті iPhone иелеріне интернет алаяқтықтың қаупі туралы ескертті. Алаяқтар Apple атынан жалған SMS немесе iMessage хабарламаларын жіберіп, логин мен құпиясөзді қолды етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Киберқылмыскерлер Apple атынан келгендей көрінетін жалған SMS немесе iMessage хабарламаларын жіберіп жатыр. Хабарламаға фишингтік сілтеме қоса беріледі. Ішінде iPhone-ның модельі, түсі және жад көлемі көрсетіліп, хабарламаның шынайы екеніне сендіретіндей әсер қалдырады.
Сілтемеге өткен соң пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі. Ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.
Бұл деректер қаскөйлерге iPhone-ның активация құлпын айналып өтіп, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Полиция қызметкерлері алаяқтықтың бұл түрі кең тарала бастағанын ескертіп, қолданушыларға төмендегідей кеңес береді:
- күмән тудыратын сілтемелерге өтпеңіз;
- жоғалған құрылғының блоктау экранында байланыс ақпаратыңызды көрсету қажет болса, ол үшін бөлек электрондық пошта мекенжайын қолданыңыз;
- SIM картаға қол жеткізуді қиындату үшін PIN-код қойыңыз;
- құрылғыны тек icloud.com/find арқылы тексеріңіз.