Кеше алматылық клуб даниялық "Копенгагенге" 2:3 есебімен есе жіберді.
Алматының "Қайрат" клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің бесінші ойынын аяқтады. Алда клубты екі матч – Грекияның "Олимпиакос" және Бельгияның "Брюгге" клубтарымен кездесу күтіп тұр.
Бес ойынның төртеуінде "Қайрат" жеңіліс тапса, Кипрдің "Пафосымен" 0:0 есебімен тең түсті. Әзірге клубтың қоржынында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жеңіс жоқ.
- "Қайрат" – "Спортинг" (Португалия): 1:4;
- "Қайрат" – "Реал Мадрид" (Испания): 0:5;
- "Қайрат" – "Интер" (Италия): 1:2;
- "Қайрат" – "Пафос" (Кипр): 0:0;
- "Қайрат" – "Копенгаген" (Дания): 2:3.
Кеше сырт алаңдағы "Копенгагенге" қарсы ойында "Қайраттың" шабуылшылары Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек гол соқты. Дастан Сәтпаев осы голымен UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді.
Еске салайық, "Қайрат" 9 желтоқсанда Астанада Грекияның "Олимпиакос" клубымен ойнаса, 2026 жылдың 20 қаңтарында Бельгияның "Брюгге" клубын Қазақстанда қабылдайды.
Оқи отырыңыз:
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" "Интерден" 1:2 есебімен жеңілді
"Қайрат" пен "Пафос" арасындағы матч тең аяқталды