Алматыда шетелдік азаматтардан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құқық қорғау органдарының қызметкеріміз" деп танысып, Қытай Халық Республикасының азаматтарынан ақша бопсалаған бір топ адам әшкереленді.
Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған.
"Топ мүшелері бірігіп әрекет етіп, алдымен көшеде жүрген шетелдік азаматтардың біріне жақындап, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Содан кейін олардың уақытша тұрып жатқан мекенжайына бірге барып, ақша талап еткен", — деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!