Астанада жолаушы құлағы нашар еститін такси жүргізушісін алдап, жол ақысын төлемей түсіп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жағдайды желі қолданушысы Threads парақшасында хабарлады. Айтуынша, құлағы нашар еститін такси жүргізушісі жолаушыны Көкшетаудан Астанаға дейін жеткізген. Ол төлемді күтіп отырған сәтте, жолаушы көліктен түсіп, қашып кеткен.

“Видеодағы ер адам Көкшетау-Астана бағытына такси шақырып, жүргізушінің естімейтінін пайдаланып, ақшасын төлемей қашып кеткен. Кадрда жүргізуші жолаушының жауабын күтіп отырған. Себебі ол әпкесі ақша жіберетінін айтқан. Жүргізуші әкемнің танысы. Адамдардың естімейтін, сөйлей алмайтын жүргізушілерді пайдаланып кететіні ауыр тиеді”, – деп жазды ол.

Жүргізушінің танысының сөзінше, жолаушы оған 6 мың теңге төлеуі керек болған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

“Қазір оқиғаның мән-жайын және жүргізуші мен жолаушының жеке басын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатырмыз. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылдаймыз”, – делінген хабарламада.