2025 жылдың 6 желтоқсанында орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF белбеулерін қорғап, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады. Жекпе-жек «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жекпе-жек Frost Bank Center аренасында, АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді.
Сонымен қатар осы кеште кіші Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус жұдырықтасады.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен кездесуінде Анауэль Нгамиссенгені 5-раундта нокаутқа жіберіп, белбеулерін сәтті қорғаған еді.