Алматы қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 қоғамдық көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:40 шамасында Райымбек даңғылы бойында болған. Салдарынан №69 автобусының жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен.
Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр.
6 қарашада полиция жыл басынан бері қалада автобустардың қатысуымен 460-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, 600-ден астам адамның жарақат алғанын хабарлады. Сонымен қатар, рейд жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері автобус жүргізушілері арасында 2000 жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтады.