Жол-көлік оқиғасы 27 мамыр күні сағат 04:20 шамасында Төңкеріс – Байсерке – Қараой автожолының 44-шақырымында орын алған.

Алматы облысында жасөспірім басқарған көлік ағашқа соқтығысып, үш оқушының өмірін қиды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi Galant көлігін басқарған кәмелетке толмаған жасөспірім рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, біреуі алған жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, заңды өкілдердің әрекетіне қатысты да құқықтық баға берілмек.

Полиция ата-аналарды балалармен жол қауіпсіздігі туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.