Жақында үшінші рет шаңырақ көтерген танымал қазақстандық актёр Дәурен Айдарқұлов әйелімен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Өнер иесі жарымен қалай танысқанын жазып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған.

Актёрдың сөзінше, ол үшінші әйелімен Threads желісі арқылы танысып, бар-жоғы екі аптада үйленуге шешім қабылдаған.

“Бірнеше ай бұрын Threads-ті өшірген едім. Себебі қарапайым, бұл желіден керек дүниенің бәрін алдым. Шынымды айтайын, бұл қосымшаны мен өзіме жар іздеу үшін пайдаланған болатынмын. Іздеу барысында желінің алгоритмі менің талғамымды түсінген болса керек, парақшама болашақ жар болуға лайық қыздар шыға бастады.

Екі ай өткен соң расымен көңіліме қонған бір парақшаны көріп, бірден оған жаздым. Екі аптадан кейін біз үйленеміз деп шешім қабылдадық.

Қысқасы, әлеуметтік желілердің де пайдасы бар екен”, – деп жазған ол.