Белгілі журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы жары Айғаным Болатқызы Instagram парақшасында резонанс тудырған бейнежазбаларды жариялады. Онда ол сот процесі мен жеке өміріндегі жан ауыртарлық жайттарды ашық жеткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айғанымның айтуынша, бірнеше бейнекадрда баласын әкесінің «өзім ұйықтатамын» деп күштеп алып кеткен сәттері бар. «Жанымның қатты ауырған сәттері… Осындай видеолар аз емес. Амалдың жоқтығынан дәлелім болсын деп түсіріп алғамын», – деп жазды ол.
Желіде қызу талқыға түскен жазбаларда ол қарсы тараптың жалған сараптамалар жасатып, сотқа қысым көрсеткенін де айтады. «Мен медиативке келісіп, тыныштық сұрадым. Бірақ бар мақсаты – менен ақша өндіру. Баламды ауру деп айыптауға дейін барды», – дейді ол.
Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы дауға қатысты видеолар мен жазбалар қоғамда екіұшты пікір туғызды. Бір бөлігі Айғанымды қолдап, «баласы үшін күресіп жүрген анаға» тілектестігін білдірсе, енді бірі «жеке жағдайды халық алдына шығарудың қажеті жоқ» деп сын айтты.
Айғаным Болатқызы болса, әлі де тоқтамайтынын, сот әділ шешім шығармаса, «біртіндеп бар шындықты жариялайтынын» мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ????АЙҒАНЫМ БОЛАТОВНА (@aiganym_bolatkyzyy)