Андрей Ферапонтов шәкірттері соңғы минутта қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды.

Астанада өткен іріктеудің бесінші турындағы матч 1:1 есебімен аяқталды.

Қазақстан сапында есепті "Қайраттың" 19 жастағы шабуылшысы Рамазан Бағдат ашты. Алайда 90-шы минутта қонақтар пенальтиден есепті теңестіріп кетті. Гол авторы Николае Ротару.

Бес турдан кейін Қазақстан D тобында алты команда арасынан бесінші орынға жайғасты.

Келесі ойынды Қазақстан жастар құрамасы 27 наурызда өз алаңында Словакияға қарсы өткізеді.