Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстанға Эстония президенті келді мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Эстония президенті Алар Каристі ресми қарсы алу рәсімі өтіп жатыр", – делінген хабарламада.
Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.
Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.
Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.