Жазатайым оқиға – 12 қарашада аталған облысқа қарасты Ақсу қаласында болған, деп жазады Egemen.kz.
Ферроқорытпа зауытының жұмысшысы өндіріс орнында күйіп қалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шараларын ұйымдастырып жатыр.
«Оқиғаның қалай өрбігенін, себеп-салдарын анықтаймыз. Күйіп қалған ер адам екені анықталды», деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.