Өскемен тұрғындарын аспанға көтерілген қою түтін үрейлендірді. Әлеуметтік желілерде видео тарап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өскемен тұрғындарын аспанға көтерілген қою түтін үрейлендірді. Әлеуметтік желілерде видео тарап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жарияланған кадрлардан аспанға көтерілген қалың түтінді көруге болады. Желі қолданушылары жарылыс болуы мүмкін деп болжаған.
https://t.me/tengrinews/26091?embed=1&mode=tme
ТЖМ зауыттардың бірінің аумағында «шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, арты өртке ұласқанын және ішінара опырылғанын» хабарлады.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жалын анықталған. Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендерді анықтау үшін барлау жүргізіліп жатыр. Жедел штаб құрылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.