Ол ел ішінде "жеке мемлекет" құратындарға қарсы шықты.
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев ел азаматтарын ру бойынша бөлінбеуге шақырым мұндай үрдісті қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Region телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Камчыбек Ташиевтің айтуынша, соңғы уақытта азаматтардың өз руын басқадан жоғары қоюы, ру белгілерін пайдалануы, өз руының құрылтайларын өткізуі жиілеген.
"Мұны тоқтату керек. Бұл дұрыс емес. Рас, жеті атаны, өз руыңды, туысқандарыңды білуің керек, бірақ оны мемлекеттік деңгейге көтеруге болмайды. Мұндай шараларды енді өткізбеңіздер! Жеке мемлекет құсап, бөлінуді қойыңыздар", – деді Камчыбек Ташиев.
МҰҚК төрағасы халық ру белгілеріне қарай бөлінбей, ынтымақ пен ұйымшылдық танытуы керектігін айтты. Қамчыбек Ташиевтің сөзінше, мемлекет басшылығы мұндай әрекеттерге қарсы. Өйткені, Қырғызстанға бейбітшілік, тұрақтылық және келісім керек.
Оқи отырыңыз:
Қырғызстанда сағат 22.00-ге дейін тойын тарқатпаған мейрамханалардың жарығы өшіріледі
Қырғызстанда мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желіде лайк басуға тыйым салынды