Ол үшін Naqty Onim қолдану қажет.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақтелекоммен бірлесіп Naqty Onim қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Енді әрбір азамат дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексеріп, сондай-ақ жоғары бағаларға шағым түсіре алады.
"2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектер міндетті таңбалаудан өтеді. Бұл пациенттерді жалғаннан қорғайды және зауыттан дәріханаға дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді. Таңбалаудың арқасында тегін препараттарды заңсыз сату фактілері анықталды. Тексерулер Бас прокуратурамен бірлесіп басталды", – делінген ДСМ таратқан хабарламада.
Министрлік фармсектордан түскен салық түсімдері 24%-ға өскенін хабарлады.
Айта кету керек, бұған дейін Олжас Бектенов дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне тосқауыл қоюды тапсырғанын жазғанбыз. ДСМ дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізетінін хабарлады.