Полицияның хабарлауынша, кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық ауруханасында эндоскопиялық зерттеу кезінде 44 жастағы науқас қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеушілер диагностика кабинетінде нақты не болғанын анықтап жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті де жағдайға түсініктеме берді.

Ведомство құқық қорғау органдарының ресми өтінішінен кейін ауруханада тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен тексеру жүргізілетінін айтты.