Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберді Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі бірдей медальға қол жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы жұлқа көтеруде үшінші орын алды. Кейін серпе көтеруде 191 келіні бағындырып, екінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Едіге Емберді қоссайыс қорытындысы бойынша (343 келі) қола медальға қол жеткізді.

"Қазір аяғымда кішігірім жарақат бар. Норвегияда өткен әлем чемпионатында алған едім. Сондықтан екі жаттығу да мен үшін оңай болған жоқ..." — деді ол жарыстан кейін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget