Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында айыпталушы Шынасылдың адвокаты Әбенов судья Ержан Жанұзақовты ауыстыруды талап етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл арызды судья Бейімбетов қарайтын болады.
Сот отырысының тікелей трансляциясы бүгін сағат 15:30-да басталуы керек еді, алайда ол кейінге шегерілді. Жоғарғы сот өкілдері сот процесінің нақты қашан басталатынын кейінірек хабарлайтынын алға тартты.