Ораза айт 20 наурызға, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді .

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлап, 2026 жылғы діни күндер күнтізбесін жариялады.

Жария болған кестеге сәйкес, 2026 жылы Рамазан айы 19 ақпан мен 19 наурыз аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 16/17 наурыз.

Ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында мерекеленеді.

"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз:

  • Қажылық – 2026: Қазақстандықтарды Меккеге қандай әуе компаниялары тасымалдайды
  • Ораза алдында кімдер check-up өтуі тиіс және ашығып қалмау үшін не істеу керек