Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі төртінші турда Қазақстанның "Қайрат" клубы сырт алаңда Италияның "Интерімен" кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді.

44-минутта Лаутаро Мартинес есеп ашып, "Интерді" алға шығарды.

56-минутта "Қайрат" ойыншысы Офри Арад бұрыштамадан көтерілген допты баспен дәл бағыттап, таразы басын теңестірді.

Алайда 67-минутта Карлос Аугустоның алыстан бағыттаған соққысы Темірлан Анарбеков қорғаған қақпадан табылып, жеңіс "Интерге" бұйырды.