Мердігер компания жол опырылуы салдарынан көлік иелеріне өтемақы төледі.
Жауын-шашыннан кейін Шымкент қаласының Күншығыс шағынауданында №7 және №14 көпқабатты тұрғын үйдің маңындағы жол опырылып, бірнеше көлік шұңқырға түсіп кетті. Оқиға орнындағы жағдайды тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
"Міне, бізде асфальтты осылай салады. Шұңқыр қазып, үстіне сәл топырақ тастайды. Ал көлік соған түсіп кетеді. Бұған кім жауап береді?", – дейді бейнежазба авторы.
Әл-Фараби ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жол маңында "Су ресурстары – Маркетинг" ЖШС тапсырысымен ауызсу құбыры тартылған. Жерді қазу жұмыстары аяқталған соң, мердігер компания учаскені уақытша қалпына келтірген, алайда топырақтың шөгуінен жол бөлігі опырылып түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Твой Шымкент (@tvoy.shymkent)
"Соның салдарынан көліктер шұңқырға түсіп кеткен. Мердігер компания зақымданған көлік иелеріне келтірілген шығынды өтеді. Сонымен қатар жолды қалпына келтіру жұмыстары жүктелді", – деп мәлімдеді әкімдік.
Полиция аталған компанияға қатысты әкімшілік айыппұл салғанын хабарлады.