Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздегі спорт саласын цифрландыру жұмыстары бойынша ақпарат берді .
Өткен жылы пилоттық режимде «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» жүйесінің 3 модулі іске қосылған болатын. Спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілердің паспорты, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесі, спорт ғимараттарының тізілімі, – деді ол.
Министр жүйе тестілеуден өтіп жатқанын айтты. Қазір онда 85 федерация мен 50 ұйым жұмыс істейді.
Екінші кезеңде қосымша модульдер әзірленуде: жарыс хаттамаларын электронды жүргізу, статистикалық деректерді қалыптастыру және есепке алу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және проактивті форматқа көшіру. Жүйені толық енгізу 2026 жылға жоспарланған, – деді ол.