Соңғы күндері отандық медицина саласы кезекті маңызды сәтті басынан өткеріп, көп ағзалық донорлық үдерісті жүзеге асырылып, мәйіттік донардан алынған ағзалар алты адамның өмірін ұзартқаны туралы бұған дейін де хабарлаған едік, деп жазады Egemen.kz.
Кеше Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының базасында қайтыс болған донордан, яғни 1962 жылғы әйелдің мәйітінен көп ағзалық ағзалар алу процесі атқарылған болатын. Денсаулық саласындағы ерекше оқиғаның ендігі жалғасы — Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының офтольмология бөлімі меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова күрделі көз ауруы салдарынан көру қабілеті нашарлаған екі науқасқа көздің қасаң қабығын ауыстыру отасын сәтімен атқарып отыр.
Көзінің қасаң қабығын алмастыру мүмкіндігіне ие болған 1983 жылғы бірінші науқас бұрын көздің орталық қасаң қабатына ендей кірген жарақат салдарынан көзі көрмей қалған.
Екінші науқасқа буллёзды кератопотияға, қасаң қабықтың күрделі өзгерісі, яғни көздің қарауытуы менкөру қабілетінің төмендеуіне себеп болған жанама кератопатия отасы жасалған.
Екі ота да сәтті аяқталды. Қасаң қабыққа жасалған отадан кейін екі науқастың да көру қабілеті жақсарған, ал ол адам өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді. Дәрігер Гүлзат Әбдірайымова қазіргі таңда қасаң қабақты ауыстыру қасаң қабықтағы көру қабілетін нашарлау салдарын жоюға мүмкіндік беретін бірден бір ота екендігін айтады.
Заманауи микрохирургиялық технологиялар осындай күрделі оталарды асқан дәлдікпен және отадан кейінгі асқынуларсыз атқаруға жол ашып отыр.
Тағы бір тоқтала кететін жәйт, бұған дейін Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында алты науқастың өмірін сақтап қалуға көмектескен мультиағзалық донорлық процесстер жүргізілген еді.
Бұл Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы биыл жасалған екінші қасаң қабақты ауыстыру отасы.
Осы маусым айында жанама кератопластикаға жасалған ота буллёзды кератопатия және көздің қарауытуынан арылып, көру қабілетін қайтаруға мүмкіндік берген болатын.