Бейнеу – Шетпе – Ақтау тас жолында жол апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, 26 қазан күні сағат 07:30 шамасында кезекші бөлімге Бейнеу – Шетпе – Ақтау тас жолында болған жол апаты туралы хабар түскен.

Анықталғандай, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кеткен. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі де инерциямен сол жануарға соғылған.

Апат салдарынан Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмған.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін абайсызда бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ведомство.