Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды.
Мемлекет басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды.