АҚШ билігі Алясканың арктикалық ұлттық жабайы табиғат қорығында мұнай мен газ бұрғылауға рұқсат берді. Тиісті шешімді Дональд Трамп әкімшілігі қабылдады. Жобаны іске асыруға шамамен 600 мың гектар аумақ бөлінді.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес, өңірде 12 млрд баррельге дейін мұнай қоры бар. Экологиялық ұйымдар мен жергілікті тұрғындар жобаның жүзеге асуына қарсылық білдіріп жатыр. Олардың айтуы бойынша, мұндай жұмыстар экожүйеге және жергілікті қауымдастықтың дәстүрлі өмір салтына залал келтіруі мүмкін. Трамп әкімшілігі өз шешімін елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайту және табиғи ресурстар өндірісін ұлғайту мақсатымен түсіндірді.