Президент Трамп Владимир Путинмен кездесуге қатысты ойы өзгергенін мәлімдеді. Осыған дейін Ақ үй басшысы алдағы екі аптада Будапештте кездесетінін айтқан еді.

Басқосу бойынша шешімді енді екі күнде жариялайтынын жеткізді. Сондай-ақ оның айтуына қарағанда, Украинадағы қақтығыс Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін еді. Алайда қазір мұндай қауіп жоқ. «Өйткені, Владимир Путин мен Владимир Зеленский де қарулы қақтығыстың одан әрі жалғасқанын қаламайды», -дейді АҚШ президенті.