Бұдан соң, Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы «Caspi Bitum» зауытындағы жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтағаны үшін CITIC Group компаниясына алғыс айтты. Өз кезегінде Си Гохуа екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізіп, Орталық-Батыс автожолына қатысты жобаны бірлесіп жүзеге асыруға ниет білдірді.
Жанел Өтеулі