Бұл туралы Алматы метрополитенінің сайтында жазылған.

Қазір метрода турникеттерді жаңарту жұмыстары басталып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жолаушылар жолақыны Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сервисі бар банк картасы немесе смартфонмен төлей алады.

Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы төлейтін. Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталмақ.

"Бұл жаңашылдық көлік картасын қолданбайтын немесе жетон сатып алуға уақыт жоғалтқысы келмейтіндер үшін өте қолайлы. Енді кезекте тұрудың қажеті жоқ – тек картаңыз немесе смартфоныңыз болса жеткілікті. Инфрақұрылымды жаңарту – қалалық қоғамдық көлік сапасын арттыруға және жолаушылардың, соның ішінде алматылықтар мен қала қонақтарының жайлылығын арттыруға бағытталған", – деп жазылған метрополитен сайтында.