Ақтөбеде 91 рет ереже бұзған көлік жүргізушісі ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбеге жақын маңда ресейлік есептегі Toyota Majesta көлігі тоқтатылған. Тексеріс кезінде көлік 91 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталған. Айыппұл көлемі — шамамен 5 млн теңге.
Иесінің айтуынша, ол бұл көлікті шамамен бір ай бұрын сатып алған. Алайда бұрынғы иесінің айыппұлдары өтелмеген.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұлы төленбеген көлік арнайы айыптұраққа қойылды", — деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!