Қос көліктің қатысуымен болған апатттың бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Куәгерлер шұғыл 101 нөміріне хабарласып, өрт туралы хабар берген. Десе де, құтқарушылар жеткен уақытта көлік толықтай жалынның құрсауында қалған еді.

– Ең бастысы – адамдар аман. Өрт сөндірушілердің жұмысына тәнтімін. Әрбір шақырту кезінде олар өмірін қауіпке тігеді. Мен де оқиға орнында болдым, газ баллоны жарылып кетпесе екен деп қорықтым. Абырой болғанда, өртті сөндіре алды, – дейді оқиға куәгері.

Оқиға Ақтаудың 32А шағынауданында екі көліктің қатысуымен тіркелген. Көліктердің бірі – Hyundai соқтығысу салдарынан соң бірден толықтай жанып кеткен.

Оқиғаға қатысты облыстық ТЖД мен полиция департаменті ресми түсініктеме беретін болады.