Абай облысында жүк көлігі аударылып, 45 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 қазанда 102 арнасына Алматы — Өскемен тасжолының 731-шақырымында болған жол апаты туралы хабарлама түскен.

"Volvo маркалы көлікті тізгіндеген 45 жастағы жүргізуші Алматыға қарай келе жатқанда жолдың шетіне шығып кетіп, көлікті аударып алған. Оқиға салдарынан жүргізуші көз жұмды. Сараптама қорытындысына сәйкес өлім себебі — инфаркт", — деді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget