Израильдің жойқын шабуылдарына қарамастан, Газада 650 мыңнан астам адам эвакуациядан бас тартты. Тіпті бірнеше мәрте баспаналарынан қашып шықса да, туған жерден кеткісі жоқ. Шабуыл аяқталған соң "өз үйі өлең төсегіне " қайтып келіп жатыр. Ал ауруханаларда жараланғандар қатары көбейіп барады.

Сол себепті Газаның солтүстігінде жұмыс істеп жатқан "Аш-Шифа" ауруханасының медицина қызметкерлері орнында қалуды жөн көрген. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху палестиналықтарды жаппай көшуге үндеген еді. Өйткені Израиль ХАМАС ұйымының инфрақұрылымын толығымен жоюды көздейтін ауқымды әскери операция бастаған. Кейінгі мәліметтерге қарағанда Газа секторынан жалпылай 400 мыңнан астам адам қашып шыққан.